Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Талдықорғанмемсараптама» ЕМК-ның жаңа әкімшілік ғимараты

2012-04-09
«Талдықорғанмемсараптама» ЕМК-ның жаңа әкімшілік ғимараты

2012 жылғы 6 сәуірде Талдықорған қаласында «Талдықорғанмемсараптама» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының жаңа әкімшілік ғимараты салтанатты түрде ашылды. Жаңа кеңсе кәсіпорынның жеке қаржысы есебінен салынды және толықтай техникалық жинақталды. Құрылыстың жалпы алаңы 1357 шаршы метрді құрайды.
Ғимаратты жобалау мен салу бюджет қаржысының немесе шеттен тартылған өзге де инвестициялардың қатысуынсыз, тек «Мемсараптама» РМК мен оның бөлімшелерінің заңды белгіленген қаржылық жинағы есебінен жүзеге асырылды. Өткен жылы Шымкент қаласындағы «Оңтүстікмемсараптама» ЕМК, Атырау қаласындағы «Атыраумемсараптама» ЕМК, «Мемсараптама» РМК-ның Алматы қаласындағы филиалы, Тараз және Қарағанды қалаларындағы сараптама бөлімшелері қоныстойын тойлады. Осы жылы тағы бес кеңсе пайдалануға берілетін болады. Талдықорған қаласындағы «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК-нан басқа, Өскемен, Көкшетау, Қостанай және Ақтөбе қалаларында да жаңа кеңселер ашылатын болады.
Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы жүйесін жетілдірудің үшжылдық бағдарламасы аясында «Мемсараптама» РМК өзінің аумақтық бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын және өндірістік инфрақұрылымын жоспарлы дамытуды жүргізуде.
«Мемсараптама» РМК-ның жаңа әкімшілік ғимаратында «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық еншілес кәсіпорындарының ұжымы ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің аумақтық өкілдігі орналасатын болады. Барлық жаңа әкімшілік ғимараттар замануи компьютер техникаларымен және бағдарламалармен жинақталуда.