Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың жылыту, желдету және ауаны баптауын жобалау және эксплуатациялау кезінде энергия тимділігінің технологиялары туралы

2012-04-07
Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың жылыту, желдету және ауаны баптауын жобалау және эксплуатациялау кезінде энергия тимділігінің технологиялары туралы

«Прогресс» ғылыми-техникалық орталығы (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы) 2012 жылдың 3-7 сәуірінде «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың жылыту, желдету және ауаны баптауын жобалау және эксплуатациялау кезінде энергия тимділігінің технологиялары туралы» халықаралық семинар өткізді, оған «Мемсараптама» РМК-ның мамандары қатысты. Семинардағы негізгі мәселелер: энергияны үнемдеу және энергетикалық тиімділікті көтеру және желдету, ауаны баптау жүйесінің энергетикалық тиімділігінің арнайы заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы; желдету жүйесінің санитарлық-гигиеналық тиімділігі (ауаның өзгермелі шығыны бар желдету жүйесі; тұтыну бойынша желдету жүйесі; математикалық және физикалық моделдендіру тәсілімен және газ-трассерларды қолданып желдету жүйесінің санитарлық-гигиеналық тиімділігін бағалау); өрт қауіпсіздігі мәселелері: желдету және ауаны баптау жүйесінің өрт қауіпсіздігі; түтінге қарсы желдету; орын-жай санатын анықтау, жарылыс және өрт қауіпсізідігі бойынша ғимараттар мен сыртқы қондырғылар; жарылыс қауіпі бар аймақты жіктеу; жарылыс-өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары бойынша ауаның құйылу шығынын есептеу; өрт қауіпсіздігі саласындағы АТШ-ті келісу тәртібі;
чиллер-фанкойлдар – ауа және су чиллер салқындату конденсаторы; бірвинтті және еківинтті компрессорлары бар чиллерлер, чиллердің энерготиімділігінің көрсеткіштері; технология және техникалық құралдар – ауаны кептіру – конденсациялық және адсорбциялық ауаны кептіру, автономды және желдету мен ауаны баптау жүйесінің құрамы; ауаны ылғалдандырудың технологиясы мен техникалық құралдары, изотермиялық және адиабитикалық ауаны баптау, өнеркәсіптік және әлеуметтік мақсаттағы ірі объектілердің желдету жүйесі, ауаны бөлудің қазіргі жүйесі;
жобалау шешімдері мен эксплуатациялау – желдету мен ауаны баптау қондырғыларындағы жылу рекуперациясының жүйесі – жылу рекуперациясы тәсілдерінің ерекшеліктері мен салыстырмалы талдауы; рекуперативті пластинкалық жылуалмастырғышты жобалау, суық климатты жағдайдағы рекуперативті типті жылуалмастырғыш жұмысының ерекшеліктері, жылуалмастырғыштың қатуына қарсы тәсіл; жылудың рекуперациялануының экономикалық тиімділігін талдау; ауаны баптау жүйесін сынау мен жөндеудің қазіргі тәсілдері.
Сабақтарды Е.П.Вишневский және В.А.Белянин атындағы Санкт-Петербор мемлекеттік политехникалық университетінің лекторлары өткізді.