Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Газ бөлу мен газбен қамтудың өзекті мәселелері» семинары

2012-03-17
«Газ бөлу мен газбен қамтудың өзекті мәселелері» семинары

«Мемсараптама» РМК-ның 2012 жылғы қызметкерлердің біліктілігін көтерудің бекітілген бағдарламасына сәйкес инженерлік желілер мен құрылыстар секторының мамандары 2012 жылдың 12-17 наурызында Санкт-Петербор қаласында өткен семинар жұмысына қатысты. «Газ бөлу мен газбен қамтудың өзекті мәселелері» атты семинарды ұйымдастырған «Прогресс» ғылыми-техникалық ақпарат орталығы (ҒТАО) ұйымдастырып өткізді.
Семинар барысында «Мемсараптама» РМК-ның қызметкерлері нормативтік-техникалық құжаттама жүйесімен, Ресей Федерациясындағы газ бөлудің өзекті мәселелерімен, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы, газ бөлу мен газбен қамту объектілерін эксплуатациялауға енгізу жүйесімен танысты.
Семинар аясында оның қатысушылары «Леноблгаз» ААҚ ЦЗПС тәжірибесімен танысты:
- жерасты құрылыстарының электрхимқорғау жүйесін эксплуатациялау;
- жерасты га құбырларын диагностикалау.
Семинар бағдарламасына «Геоақпаратты жүйені енгізу», аппаратты-бағдарламалық телеметрлік кешен енгізу «Теллур-ГУ» - «Леноблгаз» ААҚ-ы жабдықтарының жұмысын үздіксіз бақылау параметрлері» лекциялары кіргізіліпті.
Семинардың соңғы күні «Леноблгаз» ААҚ-ның жобалау орталығын таныстыру өтті, онда газ бөлу, қазандықтарды газбен қамту, ГББ, ГББШ жабдықтарын таңдау мәселелерімен танысты.
«Прогресс» ҒТАО оқу орталығы ақпараттық-анықтамалық материалдарының жинағы мен мемлекеттік үлгдегі біліктілікті көтерудің қысқамерзімді куәлігін берді.