Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«АҚТАУ» мұнай және мұнай өнімдерінің бөліп - ауыстырып тиейтін кешен» жобасының таныстырылымы

2012-02-23
«АҚТАУ» мұнай және мұнай өнімдерінің бөліп - ауыстырып тиейтін кешен»  жобасының таныстырылымы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде 2012 жылдың 23 ақпанында «Өнімділігі жылына 12 млн.тонна «АҚТАУ» мұнай және мұнай өнімдерін бөліп - ауыстырып тиейтін кешен» таныстырылымы өтті. Кешен құрылысының орны болып «Ақтау теңз порты» ААҚ (№ 2 субаймақ) аумағы анықталған.
Тапсырыс беруші: «Хазар Сервис» ЖШС, Ақтау қаласы.
Бас жобалаушы: «Encotec-Kazakhstan» ЖШС.
Жоба «Мемсараптама» РМК-да қаралуда. Жағалау объектілерінің инфрақұрылымын құрып теңіз операцияларын қамтамасыз ету Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстанның индустриалды-үдемелі даму мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары және Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту шеңберінде жүргізіледі.
Мұнай және мұнай өнімдерін бөліп - ауыстырып тиейтін кешен құрылысы теңіз портының арнайы экономикалық аймағы аумағында ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамсыз жерлерде жүзеге асырылады. Заңнамаға сәйкес кешен Каспий теңізінің жағалауынан, су қорғау аймағынан қашықта орналасатын болады.
Мұнайды ауыстырып тиеу кешенінің жобасы мұнай өнімдерінің шикі мұнайды және оның әртүрлі түрін қабылдау, сақтау және экспорттауға арналған замануи мұнай базасын салуды көздейді. Мұнай отын кешені мұнай индустриясы саласындағы қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық және Ұлттық стандарттардың талаптарының жаңа әзірлемелерін ескеріп жобалануда және мұнай мен мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау, беруді бақылаудың қазіргі ең замануи автоматты жүйесімен, сондай-ақ өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай жарақтандырылған.