Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астана қаласындағы нөсерлі кәріз жүйесін дамыту туралы

2012-02-28
Астана қаласындағы нөсерлі кәріз жүйесін дамыту туралы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде 2012 жылдың 28 ақпанында «Астана қаласындағы нөсерлі кәріз жүйесін дамыту» (2015, 2020 және 2030 жж. есептік кезеңдерін түзету) техника-экономикалық негіздемесінің таныстырылымы өтті.
Тапсырыс беруші: «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ
Бас жобалаушы: «Инженерлік жобалау және сараптама институты» ЖШС
ТЭН «Мемсараптама» РМК-да қаралуда. ТЭН-де Астана қаласының нөсерлі кәрізінің принципиалды схемасын өзгерту ұйғарылмаған. Астаналық нөсерлі кәріз жүйесін келешекте дамыту қолда бар желілер базасында және келешекте құрылысы салынатын аудандардағы жобаланған нөсерлі кәріз жүйесі есебінен жоспарлануда. ТЭН-і Астана қаласының тиісті есептік кезеңдері бойынша 2015 жылға дейін, 2020 жылға дейін және 2030 жылға дейін Астана қаласының 2011 жылы түзетілген бас жоспарына сәйкес құрылды («Астана қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 шілдедегі № № 884 қаулысы).
Нөсерлі кәріз жүйесін түзету бойынша ТЭН-і – қар, жаңбыр, Астана қаласының көшелері мен алаңдарының үстін жуу мен су шашу салдарынан болатын үстіңгі ағынды жинау, тазарту және пайдаға асыру мен мәселелерін шешуді, көрсетілген перспективада құрылыс салу үшін игеруді көздейді.