Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«МЕМСАРАПТАМА» РМК-НЫҢ МАМАНДАРЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЭБЕАЖ – ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ НАРЫҒЫНДА ӨЗАРА ЕСЕП АЙРЫСУДЫҢ ӨРКЕНИЕТТІ ТӘСІЛІ» АТТЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

2012-03-06
«МЕМСАРАПТАМА» РМК-НЫҢ МАМАНДАРЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЭБЕАЖ – ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ НАРЫҒЫНДА ӨЗАРА ЕСЕП АЙРЫСУДЫҢ ӨРКЕНИЕТТІ ТӘСІЛІ» АТТЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары 2012 жылғы 29 ақпаннан 2 наурызға дейін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Инженер-энергетиктер одағының ұйымдастыруымен өткен «ЭБЕАЖ – қазақстан электр энергиясы нарығында өзара есеп айрысудың өркениетті тәсілі» атты семинарға қатысты.
Осы семинарды өткізудегі негізгі мақсат мамандардың біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу және тікелей іскерлік байланыс орнату.
Семинарда «Мемсараптама» РМк-ның электр желілері мен жүйелері секторының жетекшісі Ж.Қалелов «Жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезінде қазақстандық қамту үлесін дамыту» тақырыбына баяндама жасады.
Осы семинарда электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін шығаратын отандық және шетел компанияларының өндірушілері мен жобалаушылары, оның ішінде «Альстом» ЖШҚ (Ресей), «Сайман» корпорациясы» ЖШС, «Sigma Telas» ЖАҚ» БК (Литва), «Эльетер Метроники» (Ресей), «Қазсельэнергопроект» институты» ЖШС, «EMITER» фирмасы (Польша) өкілдері баяндама жасады.
2012 жылдың 2 наурызында Семинарға қатысушылар Алматы қаласындағы «Сайман» ЖШС-нің кәсіпорынымен танысты.
Оқу соңында маман-сарапшыларға Қазақстан Республикасының инженер-энергетиктер одағының сертификаттары табыс етілді.