Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«БАТЫС-СОЛТҮСТІК-ОРТАЛЫҚ» МАГИСТРАЛЬДЫ ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ТУРАЛЫ

2012-03-01
«БАТЫС-СОЛТҮСТІК-ОРТАЛЫҚ» МАГИСТРАЛЬДЫ ГАЗ ҚҰБЫРЫН САЛУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде 2012 жылдың 1 наурызда «Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральды газ құбырын салу» техника-экономикалық негіздемесінің таныстырылымы өтті.
Тапсырыс беруші: «Астана Газ КМГ» ЖШС
Бас жобалаушы: «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ
ТЭН Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастықтың 7-ші форумы қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.
«Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральды газ құбырын салудағы мақсат – Астана қаласының елордасын қоса Қазақстан Республикасының тиісті өңірлерін газбен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады. Газ құбырын жіберу арқылы 2,6 миллионнан аса халқы бар 600 елді мекенді газдандыру мүмкіндігі туады.
Магистральды газ құбыры КС-14 «Қарталы»-дан Тобыл және Көкшетау мен Астана қалалары бағыты бойынша көлемі жылына 5,297 млрд.текше метрді құрайтын магистральды газ құбыры әлеуметтік және өнеркәсіптік мұқтаждықтары үшін Қазақстан Республикасының солтүстік және орталық өңірлеріне газ жеткізуді көздейді.
«Мемсараптама» РМК «Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральды газ құбырын салу» техника-экономикалық негіздемесі бойынша қорытындыны 2011 жылғы желтоқсанда берді.