Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері» жұмыс жобасы туралы

2012-02-16
«Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері» жұмыс жобасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Бірінші Президенттің 20 зияткерлік мектептері» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде 2012 жылғы 16 ақпанда «Астана қаласындағы 720 оқушыға арналған әрбірі 200 орындық арнайы жатын корпустары бар физика-математика және химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері» жұмыс жобасының таныстырылымы өтті.
Тапсырыс беруші: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ЖШС.
Бас жобалаушы: «MAG» ЖШС.
«Мемсараптама» РМК-да қаралып жатыр. Мектеп құрылысы салынатын учаске Астана қаласында №31 көшесі мен Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары арасында орналасқан.
Таныстырылым нәтижесі бойынша тапсырысшы мен бас жобалаушыға қазақстандық кәсіпорындар шығаратын материалдар, бұйымдар мен жабдықтарды кеңінен пайдалануға ұсыным берілді.