Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық жүйесінің 2011 жылғы қызметін қорытындылау және оның 2012 жылғы негізгі міндеттері анықтау туралы

2012-02-08
Жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық жүйесінің 2011 жылғы қызметін қорытындылау және оның 2012 жылғы негізгі міндеттері анықтау туралы

Жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық жүйесінің 2011 жылғы қызметін қорытындылау және оның 2012 жылғы негізгі міндеттері анықтау туралы

2012 жылдың 3 ақпанында түстен кейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа отырысынан кейін «2011 жылғы Мемсараптама қызметінің қорытындылары мен 2012 жылғы міндеттері» респпубликалық жиналыс болып өтті.
Жиналыс жұмысына Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Ж.Әкімжанов пен осы орталық атқарушы органның жауапты қызметкерлері қатысты.
2011 жылғы қол жеткізген жетістіктері туралы баяндаманы «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Б. Ережепов жасады. Ол 2012 жылға жобаларды мемлекеттік сараптау республикалық жүйесінің алдына қойған міндеттерін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің МСҚБҚЛА департаментінің лицензиялау басқармасының бастығы С.В.Бончаровтың баяндамасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялау мәселелері бойынша заң өзгерістері, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманы бөлімдерінің сараптамасын жүзеге асыратын «Мемсараптама» РМК мен оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарын аттестациялау ерекшеліктеріне арналды.
«Мемсараптама» РМК-ның алдағы уақыттарда алдында тұрған негзгі міндеттері, сондай-ақ жобалау құжаттамасының сараптамасын бағалау сапасына жауапкершілікті көтеру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Ж.Әкімжанов атап айтты.
2011 жылғы атқарылған жұмысы мен 2012 жылғы жоспары туралы (аумақтық бөлімшелердің қаржы-шаруашылық жағдайы туралы) «Мемсараптама» РМК-ның бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің бастығы Б.Бишенова, құқықтық қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімінің бастығы З. Ыдырысова (аумақтқ бөлімшелер қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен нормативтік-құқықтық актлерінің талаптарын сақтау) бойынша баяндама жасады. Әдістемелік және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Е.Ақанов (сараптама қорытындыларын дайындау сапасын бағалау және 2011 жылға арналған Мемсараптама аумақтық бөлімшелерінің рейтингтік бағалау нәтижесі туралы) сөз сөйледі.
Мемсараптаманың аумақтық бөлімшелерінің кейбір директорларыда тыңдалды.