Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде баға белгілеу жүйесін реформалау жөнінде семинар кеңес өтті

2011-06-13
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде баға белгілеу жүйесін реформалау жөнінде семинар кеңес өтті

2011 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде баға белгілеу жүйесін реформалау жөнінде республикалық семинар-кеңес өтті, оған орталық атқару органдарыының, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ Ресей Федерациясының құрылысындағы баға белгілеудің Сібір орталығынан делегаттар қатысты.
Республикалық семинар кеңесті Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Ж.Әкімжанов Қазақстан Республикасы құрылысындағы баға белгілеу жүйесін реформалауға бағытталған негізгі сметалық норма мен бағалаудан ірі нормативтерді әзірлеуге өту туралы семинарға қатысушыларға қарата айтты.
Республикалық семинар-кеңесте «Өндірістік ресурстардың ағымдағы бағадағы мониторингісі», «Құрылыстағы бағаға статистикалық бақылауды ұйымдастыру», «Құрылыстағы баға белгілеу және сметалық нормалау», «Омбы облысы мен РФ-ның өзге өңірлеріндегі материалдық ресурстардың ағымдағы құнының мониторингісі мен оны қалыптастыру» тақырыптарындағы «КазНИИССА» РМК-ның өкілдері, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі және Омбы қаласындағы «Құрылыстағы, өнеркәсіп және энергетикадағы баға белгілеу Сібір орталығы» ЖАҚ-ның өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Семинар-кеңестің екінші бөлімінде «ҚР-ғы құрылыс өнімінің сметалық құнын анықтау тәсілі» және «Сметалық норма мен бағалауды әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың» тұсаукесері өтті. Нәтижесінде көрсетілген әдістеме бойынша пікір алмасулар өтті.