Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» өкілдері «ІІ buildingSMART Kazakhstan Conference & Awards 2026» конференциясында баяндама жасады

2026-10-23

22–23 қазанда Алматы қаласында құрылыс саласында openBIM ашық стандарттарын дамытуға және саланы цифрландыруға арналған «ІІ buildingSMART Kazakhstan Conference & Awards 2026» конференциясы өтті. Іс-шараны өткізуге «Мемсараптама» РМК қолдау көрсетті, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қатысуымен өткен іс-шараны «buildingSMART Kazakhstan» ұйымдастырды.
Конференцияда «Мемсараптама» РМК атынан бас директордың цифрландыру жөніндегі орынбасары Саламат Серикхалиев пен BIM-технологияларды дамыту бөлімінің бас маманы Сакен Кашкимбаев баяндама жасады.
Конференцияға қатысушылар Қазақстанда құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын (ТИМСО/BIM) міндетті түрде қолдануға көшу, саланың жаңа талаптарға дайындығы және цифрлық технологияларды енгізудің практикалық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ құрылыс саласында жасанды интеллект, ашық стандарттар мен және цифрлық құралдарды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында «Мемсараптама» РМК шеберлік сабағын өткізіп, қатысушыларды сертификаттау рәсімін ұйымдастырды. Сондай-ақ ақпараттық модельдердің сапасын қамтамасыз ету, дерек алмасу жүйесін ұйымдастыру, тапсырыс беруші, жобалаушы және сараптама ұйымдары арасындағы өзара бірлескен жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Конференция соңында «Student SMART Cup 2026» студенттік байқау жеңімпаздарын марапаттап, құрылыс саласын цифрландыру бағытындағы жетістіктері үшін «buildingSMART Kazakhstan Awards 2026» сыйлығы табысталды.