Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Талдықорғанда 900 орындық мектеп құрылысының жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды

2026-10-20

Талдықорған қаласының Көктал шағынауданында 900 орындық орта мектеп салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.
Жобаға сәйкес, мектеп 900 оқушыға арналған. Әрқайсысы 25 оқушыға есептелген 36 сынып қарастырылған. Оның ішінде бастауыш сыныптарға арналған 15 сынып, соның ішінде үш мектепалды даярлық сыныбы, 5–9-сынып оқушыларына арналған 15 сынып және 10–11-сыныптарға арналған алты сынып бар.
Мектеп аумағында спорт алаңдары, жүгіру жолы, қимылды ойындарға арналған алаңдар мен демалыс аймақтары қарастырылған. Сонымен қатар кіші және жоғары сынып оқушыларына арналған жеке оқу блоктары және қозғалысы шектеулі азаматтардың ғимаратқа кедергісіз қол жеткізуіне жағдай жасау көзделген.
Тапсырыс беруші: «Жетісу облыстық құрылыс басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «АРЛАН-жоба құрылыс» ЖШС.