Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 22 қазанда Алматы қаласында ашық openBIM стандарттарын дамытуға және құрылыс саласын цифрландыруға арналған ІІ buildingSMART Kazakhstan Conference & Awards 2026 конференциясы мен марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шараны өткізуге «Мемсараптама» РМК қолдау көрсетеді, ұйымдастырушы buildingSMART Kazakhstan және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қатысады.
Конференцияға мемлекеттік органдар мен тапсырыс беруші ұйымдардың, жобалау және құрылыс компанияларының, сараптама ұйымдары мен бағдарламалық жасақтама әзірлеуші мекеменің, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.
Конференцияда Қазақстанда құрылыс объектілерінің ақпараттық модельдеу технологиясын (ТИМСО/BIM) міндетті түрде қолдануға кезең-кезеңімен көшу, саланың жаңа талаптарға дайындығы және ақпараттық модельдеуді енгізу тәжірибесі негізгі тақырып болады. Баяндамашылар құрылыс саласында ашық стандарттар мен цифрлық құралдарды,жасанды интеллектіні қолданудың нақты мысалдарын ұсынады.
Конференция аясында «Мемсараптама» РМК қатысушыларға шеберлік сабағын өткізіп, сертификаттау рәсімін ұйымдастырады. Бағдарламада ақпараттық модельдердің сапасы, ақпарат алмасу, сондай-ақ тапсырыс берушілер, жобалаушылар мен сараптама ұйымдары арасындағы бірлескен жұмыс мәселелері де талқыланады.
Іс-шара барысында студенттер арасындағы «Student SMART Cup 2026» байқауының жеңімпаздарын және құрылыс саласын цифрландыруға елеулі үлес қосқан компаниялар мен мамандардың жетістіктерін «buildingSMART Kazakhstan Awards 2026» марапатымен табыстау рәсімі өтеді.
Өтетін күні: 22 қазан 2026 жыл
Тіркеудің басталуы: сағат 09:00
Конференцияның басталуы: сағат 10:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Renion City Hotel
Іс-шара туралы толық ақпарат, бағдарламасымен танысу және конференцияға тіркелу сілтемесі https://buildingsmart.kz/ru/conf2026