Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2026 жылғы 13 қазанда Астана қаласында VII Орталық Азия BIM-TIME форумы өтті. Аталған іс-шараға «Мемсараптама» РМК өкілдері де қатысты.
Форум құрылыс саласындағы кәсіби қауымдастық өкілдерінің басын қосып, ғимараттарды ақпараттық модельдеу (BIM) технологияларын тәжірибеде қолдану, құрылыс саласын цифрлық трансформациялау және Орталық Азияда құрылыс нысандарын ақпараттық модельдеу технологиясын (ТИМСО) дамыту мәселелерін талқылауға арналған кәсіби алаңға айналды.
Іс-шарада «Мемсараптама» РМК атынан цифрландыру жөніндегі бас директордың орынбасары Саламат Серикхалиев, сондай-ақ BIM-технологияларын дамыту бөлімінің бас мамандары Сакен Кашкимбаев пен Аскан Айбек сөз сөйледі.
Кәсіпорын өкілдерінің форумға қатысуы кәсіби тәжірибе алмасу, BIM-технологияларын енгізудің өзекті мәселелерін талқылау және Қазақстанның құрылыс саласын одан әрі цифрландырудың болашақтағы мүмкіндіктерін қарастыруға жол ашты.