Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қарағандыдағы халықаралық ғылыми-практикалық семинар

2011-12-20
Қарағандыдағы халықаралық ғылыми-практикалық семинар

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы Қазақстандық Қайта құру және Даму көпсалалы институты директорының шақыруымен «Мемсараптама» РМК-ның мамандары 2011 жылдың 1 желтоқсанында «Еуронорма бойынша темір бетон конструкцияларын жобалау» атты ғылыми-практикалық семинарға қатысып қайтты.

ҚазҚДКИ-да өткен семинарда семинар иелерінің қазақстандық ұлттық қосымшалары бар Еурокодтардың арнайы бөлімдерін әзірлеу жағдайы туралы кіріспе баяндамасы тыңдалды, жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау туралы да айтылды.

Сондай-ақ техника ғылымдарының докторы, профессор Гундольф Панның (бюро «Pahn Prüfburo für Baustatik GbR», Германия) сарапшы А. Нойвирттың қатысуымен баяндамалары тыңдалды, онда германдық ұлттық қосымшалары бар Еуронорма материалдары туралы толық ақпарат берілді, әсіресе темір бетон конструкцияларын жобалауға қатысты мәселелер кеңінен баяндалды. Баяндамашылар көрсетілген нормативтік құжаттардың Германияда 2012 жылдан бастап қолданысқа енетінін жеткізді.

Семинар соңында мамандарға халықаралық ғылыми-практикалық семинарфна қатысушыларға сертификат берілді.