Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Павлодар қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» жұмыс жобасы туралы

2011-11-03
Павлодар қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» жұмыс жобасы туралы

«Бірінші Президенттің 20 зияткерлік мектебі» жобасы шеңберінде «Қазақстан Рсепубликасындағы Мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2011 жылғы 03 қарашасында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Павлодар қаласындағы 720 оқушыға арналған 120 орындық жатын корпусы бар химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» жұмыс жобасының таныстырылымы өтті.

Тапсырысшы: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ.

Бас жобалаушы: «TORTAY engineering Cо.» ЖШС.

Назарбаев Зияткерлік мектептері жобаларын іске асыру Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жедел дамуын қамтамасыз ету қажеттілігіне отандық білім беру талаптарына жауап беретін үдемелі-дағдылы, құзырлы да бағдарлы білім беру жүйесін қалыптастыруға, басқару қабілеті бар кәсіби кадр дайындау сұранысын өтеуге бағытталған. Жаратылыстану профилі бойынша арнайы мектептерін құру әлемдік білім беру жүйесіне бірігуге жол ашады.

Таныстырылым нәтижесі бойынша тапсырысшы мен әзірлеушіге техника-экономикалық негіздемеде қазақстандық кәсіпорындар шығаратын материалдар, бұйымдар мен жабдықтарды кеңінен пайдалануға ұсыным берілді.