Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде өткен алқа отырысы туралы

2011-11-25
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде өткен алқа отырысы туралы

2011 жылғы 24 қарашада түске дейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде Агенттіктің мемсәулетқұрылысбақылау мен лицензиялау мәселелері бойынша қайтадан құрылған аумақтық бөлімшелері өкілдерінің, «Мемсараптама» РМК-ның, «ҚазСҚҒЗИ» РМК, «Қазақ су арнажобасы» АҚ, «Қазақ ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ, «Қазақ ипотекалық кредиттерін кепілдендіру қоры», «КИК» ипотекалық ұйымы» АҚ-ның басшылары қатысты. 2011 жылғы 9 айдағы Агенттік қызметінің қорытындысы туралы, атқару тәртібі мен 2011 жылғы бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Агенттіктің жауапты хатшысы С. Дембай сөз сөйледі.
Күтіліп отырған тұрғын үй құрылысы қорытындылары мен қаржы институттарының қатысуымен оны келешекте дамыту туралы Агенттік төрағасының орынбасары Н.Тихонюк баяндады.
Мемсәулетқұрылысбақылау, тексеру, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментінің директоры Г.Әбдірайымов мемсәулетқұрылысбақылау, тексеру, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау аумақтық органдарының жұмысыны4 келешектегі жоспары және оны ұйымдастырылуы туралы ойларымен бөлісті.
Осы жылдың 10 айындағы жобалардың мемлекеттік сараптамасының жұмыс қорытындысы туралы және алдағы жылдарға қойылған мақсат жөнінде «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Б. Ережепов баяндама жасады.
Түстен кейін «Мемсараптама» РМК-да Агенттіктің сәулет, жобалау жұмысы және сметалық нормалар департаменті өкілдерінің және барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларынан келген мемлекеттік сараптама жүйесіндегі барлық аумақтық бөлімшелердің басшыларының қатысуымен республикалық жиналыс өтті. Мұнда жобалау сапасын көтеру мәселелері, жобаларды әзірлеуді басқару жүйесіндегі күтіліп отырған реформалар туралы жаңалықтар, жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаж жұмысы құнын анықтаудың ресурстық тәсіліне өту және өзге де өндірістік мәселелер талқыланды.