Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астана қаласындағы «Назарбаев Университет» ғылыми-білім беру кешені

2011-11-19
Астана қаласындағы «Назарбаев Университет» ғылыми-білім беру кешені

2011 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Астана қаласындағы «Назарбаев Университет» ғылыми-білім беру кешені» техника-экономикалық негіздемесінің таныстырылымы өтті.
Тапсырысшы: «Назарбаев Университет» ДҰ, Астана қаласы
Бас жобалаушы: «СБК-Стройсервис» ЖШС, Астана қаласы.
Жаңа университетті құру - әлемдік білім беру кеңістігіндегі казақстандық жоғары оқу орындары интеграциясындағы алғашқы баспалдақ. Тек ғалымдарға ғана емес, сондай-ақ келешекте инновация саласында жаңа технологиялар құратын Қазақстанға осындай оқу орыны қажет. Жобаны іске асыру ғылым мен технологияда жаңа тенденциялар құратын және дамытатын қабілетті кәсіби жаңа ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді. Кешенді салу үш кезектен тұрады. I, II және III кезек құрылысы учаскелерінің алаңы 96,2 га-ны құрайды. Құрылыстың I-ші кезегіндегі ғимараттардың жалпы алаңы – 125 563,5 шаршы метр. Құрылыстың I-кезегіне оқу корпустарын, ректорат, кітапхана, асхана, профессорлық-мұғалімдік құрамына тұрғын үй мен жатақхана салу кіреді.
Таныстырылым нәтижесі бойынша тапсырысшы мен әзірлеушіге техника-экономикалық негіздемеде қазақстандық кәсіпорындар шығаратын материалдар, бұйымдар мен жабдықтарды кеңінен пайдалануға ұсыным берілді.