Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ИТ-КОНФЕРЕНЦИЯ MICROSOFT TECH-ED 2011

2011-11-16
ИТ-КОНФЕРЕНЦИЯ MICROSOFT TECH-ED 2011

Мәскеу қаласының «Крокус Экспо» көрме орталығында 2011 жылдың 9-10 қарашасы аралығында әлемге әйгілі ИТ-конференция Microsoft Tech-Ed өтті,бұл Ресейде, өзге де ТМД елдерінде, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропада орыс тілінде өткен ірі технологиялық конференция болды. Іс-шараға БҚ әзірлеуші, енгізуші мен тест жүргізуші бірнеше мыңдаған жетекші техника мамандары мен ИТ басшылары, сондай-ақ компаниялардың ИТ-директорлары қатысты. Tech-Ed Russia «Келешекті анықтайтын тұғырнама» танымал конференциясының жаңа деңгейде және жаңа масштабта дамуы болып табылады, осы себепті Microsoft-тың барлық өнімдерін көрсету мүмкіндігі туып отыр. Конференцияның екікүндік бағдарламасының күн тәртібіне:
• Конференцияның ашылуы және замануи ақпараттық жүйені іске асыруға арналған Microsoft өнімдері мен технологияларын дамыту стратегиясы туралы баяндама;
• тақырыптық секциялар бойынша топталған 160 сессиялар;
• Microsoft және серіктестерінің жаңа бағдарламалар әзірлеу бойынша зертханалық кластары;
• Microsoft және индустрия жетекші сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстелдері;
• Microsoft арнайы стендтерімен біріктірілген «Сарапшыдан сұра» аймағы;
• жетекшілердің жаңалықтары мен шешімдерінің кеңейтілген көрмесі;
• Хbох 360® ойын аймағы;
• Сертификатталған тестілеу аймағы кірді.
Конференцияның халықаралық мәртебесі мен масштабы Microsoft өніміне жауап беретін әлемдік деңгейдегі индустриалды сарапшылар мен техникалық сәруарлардың қатысуын қамтамасыз етті. Конференция ресейдің ақпараттық технологиясы инустриясында ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Конференцияға қазақстандық жобалардың мемлекеттік сараптамасы жүйесінің атынан «Мемсараптама» РМК әдістемелік және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің сектор жетекшісі Ә.Мәрденов қатысты.