Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құқықтық және кадр мәселелері бойынша өткен республикалық семинар- кеңес туралы

2011-11-04
Құқықтық және кадр мәселелері бойынша өткен республикалық семинар- кеңес туралы

2011 жылдың 3-4 қарашасында Астана қаласында 2011 жылға арналған «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жоспарын орындау шеңберінде «Мемсараптама» РМК мен оның филиалдары және облыстық еншілес кәсіпорындарының заңгерлері мен кадр қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен кезекті республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарды ашқан «Мемсараптама» РМК-ның Бас директоры Б. Ережепов жобалардың мемлекеттік сараптамасы жүйесіндегі құқықтық және кадр жұмысты құрайтын негізгі бағыттарды атап өтті. Мемлекеттік кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету тетіктері туралы «Мемсараптама» РМК-ның құқықтық қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімінің бастығы З.Ыдырысова мен осы бөлімнің бас маманы Ә.Омарова хабардар етті. Кадрлық іс жүргізу жөніндегі ақпарат бойынша «Мемсараптама» РМК-ның кадр бас маманы Г.Көшекбаева сөз сөйледі.
Жоспарға сәйкес Семинардың негізгі тақырыптары болып мыналар анықталды:
1) монополияға қарсы заңнаманы мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың келешектегі қызметі бөлігі бойынша, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын түсіндіру;
2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін қолдану тәжірибесі.
Семинарды өткізуге Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары Д.Әділхан, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру өңіраралық департаментінің (Сарыарқа) заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бастығы С.Сәрсекова, Халықты еңбекпен және әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің бас мемлекеттік еңбек инспекторы Б.Жұмағұлов шақырылды.