Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СӘУЛЕТ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНЕ 50 ЖЫЛ

2011-10-31
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СӘУЛЕТ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНЕ 50 ЖЫЛ

1961 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтында инженерлік-құрылыс факультетінен «сәулет» мамандығы бойынша алғашқы рет қабылдау болды. Негізгі ұйымдастырушысы және бастамашысы ТӨЛЕУ Құлчаманұлы Басенов болған еді, ол сол кезде құрылыс істері бойынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Мемкомитеті Төрағасының орынбасары, кейін қала құрылысы кафедрасын көпжыл басқарды. 2011 жылдың 28-29 қазанында Алматы қаласында бұрынғы Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстанның сәулетіне 50 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына Мәскеу, Баку және Бішкек ЖОО-ның өкілдері, халықаралық жоғарғы сәулет институттары, сондай-ақ Қазақстандағы жоғарғы сәулет мектебі, елордамыздағы Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті мен С.Сейфуллин атындағы Аграрлық техникалық университет, Өскемен қаласынан Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, Бас Қазақ сәулет-құрылыс академиясының өкілдері, Қазақстандық Сәулетшілер одағының, Қала құрылысы одағы мен Дизайнерлер одағының президенттері қатысты. Конференцияның пленарлық отырысы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің қоры ғимаратында өтті, «Қазақстан Сәулеті кеше, бүгін, ертең» атты көрме ұйымдастырылды, онда ҚазПТУ мен ҚазҰТУ-і түлектерінің көптеген жұмыстары қойылған. ҚазҰТУ-нің ғимаратында Халықаралық мүсін көрмесі Биеннале ашылды.
Конференцияның екінші күні мемориалды тақтаның салтанатты ашылуымен басталды, ҚазҰТУ-нің Сәулет және құрылыс институтына Т.Басеновтың аты берілді. Сосын қоғамдық халықаралық ұйым мекемелері – ЖОО-ның сәулет басшыларының консорциумы және ТМД елдерінің факультеттері туралы құжаттардың мәселелері талқыланып қол қойылды. Конференция жұмысына қазіргі кезде «Мемсараптама» РМК мен оның Алматы қаласындағы Оңтүстік филиалында жұмыс істейтін ҚазПТИ сәулет факультетінің бұрынғы түлектері қатысты.