Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астана қаласынан Салтанатты қақпа салу туралы

2011-10-25
Астана қаласынан Салтанатты  қақпа салу туралы

2011 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Астана қаласының Орынбор және №25 көшелерінің қиылысы маңындағы Салтанатты қақпа» жұмыс жобасының тұсаукесері өтті.
Қазақстан Республикасының 20-жылдығы қарсаңында Монументальды объектіні салу шешілді.
Тапсырысшы: «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ
Бас жобалаушы: «Карагандинский ПромСтройПроект» ЖШС.
Салтанатты қақпа Орынбор және №25 көшелерінің қиылысындағы халықаралық әуежай жағынан кіретін магистралында бас қасбеті Орынбор көшесіне қарап орналастырылатын болады. Учаске шегіндедегі алаңы 5,24 га құрайды және крест тәрізді пішіндес, орталығында Салтанатты қақпаның өзі орналасу үшін доғал пішіндес алаңша орналасқан.
Монументтің басты әшекейі 4 мүсіндік «Ана», «Дана», «Батыр» және «Сарбаз» композициялары тиісті ойықтарында орналасатын болады. Әрбір фигураның биіктігі 4,5 метр. Мүсіндер қоладан дәстүрлі шынайы нақышта және костюмдері тарихи нақтылықпен орындалатын болады.
Ойықтардың артқы жағында горельефтері геральдилық элементтері аталған образдарды ашуды толықтыру үшін орналастырылатын болады.
Салтанатты қақпаның жоғарғы бөлігінде төрт жағынан «Мәңгілік Ел» деген жазуы бар Тәуелсіз Қазақстанның елтаңбасы орналастырылатын болады. Сондай-ақ күн мен еліміздің аспанында самғаған бүркіт Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының орталық элементтерінің бедерлі бейнесі болады деп көзделген.
Доғалы ойықтың ішінде сол және оң жағынан «Ұлы Көш» және «Қазіргі Қазақстан» барельефтері орналасатын болады.