Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ТМД қатысушы-мемлекеттерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық Кеңестің құрылыстағы баға белгілеу комиссиясының отырысы

2011-10-25
ТМД қатысушы-мемлекеттерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық Кеңестің құрылыстағы баға белгілеу комиссиясының отырысы

2011 жылғы 20-21 қазанында Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында ТМД қатысушы-мемлекеттерінің құрылыс қызметіндегі баға белгілеу Комиссиясының 5-отырысы өтті.
Отырысқа Ресей Федерациясы, Әзірбайжан Республикасы, Белорусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қазақстан Республикасының делегациялары қатысты.
Негізгі баяндаманы Комиссия төрағасы, Ресей Федерациясының Өңірлерді дамыту министрлігінің Құрылыстағы және өнеркәсіптегі құрылыс материалдарының бағасын белгілеу федеральды орталығының бастығы Е. Ермолаев жасады. Ол өз баяндамасында құрылыс құнын оңтайландыру үшін нормативтік-методикалық құжаттардың бірыңғайланған мемлекетаралық жүйесін құру жөніндегі мәселелерді көтерді.
Құрылыс саласындағы баға белгілеу және сметалық нормалаудың өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ баға белгілеу жүйесін жетілдіру жолдары мен тетіктері туралы делегация өкілдері сөз сөйледі:
Н.Мирзоев – Тәжікстан Республикасы Құрылыс және сәулет жөніндегі агенттігінің «Құрылыс саласындағы баға белгілеу орталығы» ӨМБ-ның директоры;
Л.Горошко - Белорусь Республикасы Сәулет және құрылыс министрлігінің «Құрылыстағы баға белгілеу бойынша республикалық ғылыми-техникалық орталығы» ААҚ директорының орынбасары;
З.Қайырова - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Сәулет, жобалау жұмысы және сметалық нормалар департаментінің Сметалық нормалар басқармасының бастығы;
Г.Бабаев - Әзірбайжан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Құрылыстағы қауіпсіздікті бақылау жөніндегі мемлекеттік агенттіктің Ғылым, техника және сметалық нормалар бөлімі бастығының орынбасары.