Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«ҚАЗАҚСТАН-2011 ҚАЛА ҚҰРЫЛЫС ФОРУМЫ» Х КӨРМЕ-СЕМИНАР

2011-10-21
«ҚАЗАҚСТАН-2011 ҚАЛА ҚҰРЫЛЫС ФОРУМЫ» Х КӨРМЕ-СЕМИНАР

2011 жылдың 13-14 қазанында Қазақстан қала құрылысшылары одағы мен Қызылорда облысының әкімдігімен Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған «Қазақстан-2011» мерейтойлық Х-шы Қала құрылысы форумы болып өтті. Қала құрылысы форумы шеңберінде Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен үшінші көрме –семинар болды. Көрмеге әзірленген қала құрылысы жобалары, арнайы қала құрылысы тораптары және жобаны ұйымдастыру мен қалалар мен ауылдар аумағын абаттандыру жобалары қойылды. Семинарда Қызылорда облысының елді мекендерін салу тәжірибесі бойынша мәселелер қаралды, әзірленіп жатқан аумақты ұйымдастырудың Бас схемасын, сондай-ақ авторлық құқықты сақтау ережесі, жылжымайтын мүлікті дамыту және өзге де мәселелер сөз болды. Аумақты ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мәселелерін талқылау барысында «Мемсараптама» РМК-ның өкілі (Т.Жарылғанов) халықтың есептік саны 100 мың және одан асатын тұрғындары бар облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобасына кешенді қала құрылысы сараптамасы бойынша комиссияның жұмысы туралы хабралама жасады.