Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жоспарланып отырған Астрахань-Маңғышлақ сутартқышын қайта жаңарту туралы

2011-10-17
Жоспарланып отырған Астрахань-Маңғышлақ сутартқышын қайта жаңарту туралы

2011 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Астрахань-Маңғышлақ сутартқышын жобалау қуатына дейін қайта жаңарту және кеңейту» техника-экономикалық негіздемесінің тұсаукесері өтті.
Тапсырысшы: «ҚазТрансОйл» АҚ.
Әзірлеуші: «ЛИК-Диагностика» ЖШС.
ТЭН-нің мақсаты қолданылып жүрген Астрахань-Маңғышлақ сутартқышын қайта жаңарту және кеңейту болып табылады, жоба Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұрғындарын, Қазақстан Республикасындағы көптеген мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындарын замануи талаптарға сай келетін сапалы, сенімді және үздіксіз сумен жабдықтауға қол жеткізеді.
Қазіргі кезде ТЭН-і «Мемсараптама» РМК-да қаралып жатыр.
Тұсаукесер нәтижесінде тапсырысшы мен әзірлеушіге техника-экономикалық негіздемеде қазақстандық кәсіпорындар шығаратын материалдар, бұйымдар мен жабдықтарды кеңінен пайдалануға ұсыныс жасалды.