Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Арал өңірінің қазіргі экологиялық ахуалы, келешекте осы мәселелерді шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2011-10-10
«Арал өңірінің қазіргі экологиялық ахуалы, келешекте осы мәселелерді шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2011 жылдың 7 қазанында Қызылорда қаласында «Арал өңірінің қазіргі экологиялық ахуалы, келешекте осы мәселелерді шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Осы форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» РМК және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. Конференция жұмысына «Мемсараптама» РМК мамандары да қатысты.
Конференцияда мына тақырыптар талқыланды:
- Арал өңірінің экологиялық мәселелері;
- қоршаған ортаны қорғау мен сауықтырудың өзекті мәселелерін шешуге биологиялық бағыттар;
- ауыл шаруашылығына, медицинаға, қоршаған ортаға арналған жаңа биопрепараттар құру биотехнологиясы.
Қатысушыларға экология, биотехнология, микробиология мен вирусология саласының әртүрлі бағыттағы зерттеулерінің соңғы жетістіктері туралы баяндамалардың баптарынан тұратын конференция материалдарының жинағы таратылып берілді.
Конференцияны Қызылорда облысының әкімі Б.Қуандықов пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қ.Бисенов ашты.
Конференция отырысына География институтының профессоры Ж.Достай, Г.К.Скрябин атындағы Микроорганизм биохимиясы және физиологиясы институты зертханасының меңгерушісі Ресей ғылым академигі Л.Головлев, Тәшкент аграрлық университетінің профессоры А.Досахметов, Микробиология және вирусология институтының микробиология бөлімінің меңгерушісі С.Айткелдиев, «Таза Су» ЖШС-нің директоры Д.Ыдырысова, «Күріш өсіру ҚазақҒЗИ» ЖШС-нің бас директоры С.Өмірзақов, Арал-Сырдария экология департаментінің директоры Ш.Ноғаев, Микробиология және вирусология институтының вирусология бөлімінің меңгерушісі В.Березин, Биобақылау, сертификаттау және клиникалық зерттеу орталық зертханасының бас директоры И.Көлбай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессорлары А.Нұрғазинов пен Т.Қарлыханов қатысты.