Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылыстағы баға мониторингі туралы

2011-10-10
Құрылыстағы баға мониторингі туралы

2011 жылдың 4 қазанында Астана қаласында «Мемсараптама» РМК-ның барлық аумақтық бөлімшелері мамандарының, сондай-ақ «ҚазСҚҒЗИ» РМК-ның жауапты қызметкерлерінің қатысуымен құрылыс материалдары, бұйымдары мен жабдықтарының ағымдағы бағасының мониторингі мәселелері бойынша семинар-жиналыс өтті.
Осы семинар-жиналыста құрылыс ресурстарының құны туралы біртұтас деректер базасын қалыптастыру үшін ақпарат жинауға қатысты, сондай-ақ қалыптастырылған бағаны талдау және болжауға қажетті уақытында әрі дұрыс ақпарат алу мәселелерін шешу жолдары талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша осы жылдың қазан айының соңына дейін Астана қаласы бойынша құрылыс материалдары мен жабдықтарының бағасының пилотты жинағын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Пилотты жинақты әзірлеу «Мемсараптама РМК-ның Астанадағы филиалымен бірге «ҚазСҚҒЗИ» РМК-на жүктелді. Келешекте құрылыс матераилдары мен жабдықтары бағасының жинағын құру тәжірибесін Қазақстан Республикасының өзге де өңірлеріне тарату жоспарланып отыр.