Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨЛІК ЖҮЙЕСІ. ҚҰРАМДЫ НҰСҚАСЫ» ТЭН-НІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

2011-08-16
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨЛІК ЖҮЙЕСІ. ҚҰРАМДЫ НҰСҚАСЫ» ТЭН-НІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

2011 жылы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. Құрамды нұсқасы» техника-экономикалық негіздемесінің тұсаукесері өтті.
Тапсырысшы – «Астана қаласының Көлік және автомобиль жолдары басқармасы» ММ.
Әзірлеуші – «Көпір сынау» ЖШС Алматы қаласы.
ТЭН-де келесідей негізгі техникалық көрсеткіштер анықталған:
Құрамды нұсқадағы ұзындығы 41,81 шақырым жеңіл рельсті көлік желісін салу, оның ішінде: жер үсті эстакадада -12,35 шақырым, жерүсті бөлігі -16,39 шақырым, оның ішінде: 1-ші кезекте -16,39 шақырым, 2-ші кезек-7,85 шақырым, 3-кезек -17,57 шақырым. Тұсаукесер қорытындысы бойынша тапсырысшы мен әзірлеушіге ТЭН-і бойынша техника-экономикалық негіздемелерін толықтыру бойынша ескертпелер мен ұсыныстар берілді.