Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Инженерлік желілер бойынша семинар өтті

2011-09-26
Инженерлік желілер бойынша семинар өтті

2011 жылдың 20, 21 қыркүйегінде «Мемсараптама» РМК-ы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бағдарламасына сәйкес Бас кәсіпорынның және «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелерінің сарапшы мамандарының және инженерлік жабдақтар мен жүйелерді шығаратын жетекші қазақстандық және шетелдік компаниялардың өкілдерінің қатысумен семинар болды.
Семинарды «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары Ұ.Құралбаев ашты. Семинар шеңберінде мына тақырыптарға: «Siemens» жабдықтары базасындағы ғимараттар мен объектілерді диспетчерлендіру», «Қазіргі жарықдиодты технология және энергия үнемдейтін шамдар», «Өнеркәсіптік объектілерді автоматизациялау бойынша жаңа технологияларды пайдалану», «Биік, бірегей және техникалық күрделі объектілердің автоматикалық мониторинг жүйесі», «Кернеуі 20 кВ автоматты элеткрмен жабдықтау жүйесі, 10/0,4 кВ және 20/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы стансалар», «Отандық кабельдік өнім», «Телекоммуникациялық орын-жайдан жұмыс орнына дейінгі шешімдер. Құрылымдық кабельдік желілер» баяндамалар тыңдалды.

Семинарға мына компаниялар қатысты: «Астринк инжиниринг» ЖШС, «Тексан Айдынлатма» ЖШС, «МұнайГаз» инжинирингтік компаниясы» ЖШС, «АККЕ Астана» ЖШС,, «Кентау трансформаторлық зауыты» ЖШС, «Alageum Electric» ЖШС, «Спец Электро» ЖШС, Павлодар қаласындағы «Қазэнергокабель» ЖШС, «Легран Казахстан» ЖШС.
Семинарға қатысушылар жаңа технологиялармен танысу мақсатында Астана қаласындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен объектілерде «Alageum Electric»ЖШС-нің электр техникаларын жинақтау-сынау цехында және и республикалық велотректе болды. Сондай-ақ қатысушылар «Жасылды технологиялар, инновациялар мен экоқызмет көрсетулер» суды тазарту және сарқынды суды тазарту, су ресурстарын тиімді пайдалану, газ бен ауаны тазарту, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру және қайтадан өңдеу, энергия, энерго және ресурстарды үнемдеуді және т.б. қалпына келтіру ЕСО-ТЕСН көрмесін тамашалады. Семинарды «Мемсараптама» РМК-ның электр техникалары желілері мен жүйелері секторының жетекшісі Қалелов Жеңісбек Қалелұлы қорытындылап сөз сөйледі.