Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Приозерск қаласындағы жаңа жылу көздері

2011-09-26
Приозерск қаласындағы жаңа жылу көздері

2011 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттікте «Приозерск қаласынан жаңа жылу көздерін салу (түзету)» ТЭН-нің тұсаукесері өтті. ТЭН-нің мақсаты жылу қуаты сағатына 100 Гкал су жылыту қазандығын қатты отынмен жылытылатын бес су жылыту қазандықтарымен салу. Жаңа жылу көздері Приозерск қаласының тұрғындары мен кәсіпорындарын жабдықтар мен технологияларды пайдаланып үздіксіз орталықтандырылған жылумен қамтумен қамтамасыз ету үшін қажет.
Тапсырысшы: «Қарағанды облысының Энергетика және коммуналдық шаруашлық басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «Павлодарэнергожоба» ЖШС. Қазіргі ТЭН-і «Мемсараптама» РМК-да қарастырылып жатыр. «Мемсараптама» РМК-ның мамандарының қарауы нәтижесінде тапсырысшы мен бас жобалаушыға жұмыс жобасында қазақстандық кәсіпорындар шығаратын материалдар, бұйымдар мен жабдықтарды кеңінен пайдалануға ұсынылымдар берілді.