Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2011 жылғы 12 тамызда «Мемсараптама» РМК Құрылысшылар күнін атап өтті

2011-08-15
2011 жылғы 12 тамызда «Мемсараптама» РМК Құрылысшылар күнін  атап өтті

2011 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде кәсіби мейрам - Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиын өтті, онда Қазақстан құрылысын өркендетуге елеулі үлес қосқан сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласының қызметкерлері ерекше аталып марапатталды.
Сонымен қатар, «Мемсараптама» РМК-мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы» төс белгілерімен марапатталды, олар, «Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалының өндірістік бөлімінің бас маманы Қолдасбаев Серік Батырбекұлы, «Қызылордамемсараптама» ЕМК-ның директоры Нұрлыбаев Болатбек Қалиұлы, «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК-ның директоры Шымбаев Нұрлан Нарымбайұлы, «Атыраумемсараптама» ЕМК директорының орынбасары Ботаханов Нұфтолла Мыңжасарұлы, Алтаева Рашида Ескендірқызы – «Мемсараптама» РМК өндірістік бөлімі сәулетжоспарлау секторының жетекшісі «Қазақстанның Құрметті сәулетшісі» төс белгісімен марапттауға лайық деп табылды.
Сондай-ақ, «Мемсараптама» РМК жүйесінің озат қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.