Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы кентінің сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін қайта жаңарту туралы

2011-08-26
Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы кентінің сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін қайта жаңарту туралы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде 2011 жылдың 25 тамызында «Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы кентінің сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін қайта жаңарту. 3 кезек» жұмыс жобасының таныстырылуы өтті.
Жұмыс жобасының тапсырысшысы – Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімдігі
Бас жобалаушы – «USB GROUP» ЖШС.
2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қосыш кенті Қазақстан елордасының қанаттас қаласы ретінде дамуы тиіс.
Бас жоспар бойынша Қосшыда бірнеше мектеп, бала бақша, қоғамдық ғимараттар, үтұрғын үйлер мен шағын қабатты тұрғын үй салу жоспарлануда.
Осыған байланысты Қосшыда сумен жабдықтау және кәріз, сондай-ақ электрмен жабдықтау инженерлік жүйелерін салу көзделген.
«Мемсараптама» РМК бұрын сумен жабдықтау, кәріздік желілер мен кәріздік тазарту құрылыстарының 1-ші, 2-ші кезектері бойынша жұмыс жобаларына оң сараптау қорытындысын берді.
Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асырудың халық үшін, Қосшының санитарлық және экологиялық ортасын жақсарту үшін әлеуметтік маңызы зор.
Қарау нәтижесі бойынша тапсырысшы мен бас жобалаушыларға қазақстандық өнім өндірушілер шығаратын материалдар, бұйымдар мен жабдықтарды жұмыс жоабсында кеңінен қолдануға ұсыныс жасалды.