Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Нижневартовск қаласындағы Комсомольское көлін тазарту туралы

2011-09-05
Нижневартовск қаласындағы Комсомольское көлін тазарту туралы

«Адмир Евразия» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) шақыруы бойынша 2011 жылдың 31-нен 01 қыркүйегі аралығында «Мемсараптама» РМК-ның, сондай-ақ Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының, Қарағанды қаласының «Құрылысэкспертпроект» ЖШС-нің («Астана қаласындағы Талдыкөл сарқынды су жинағышын қалпына келтіріп жабу» жобасының тапсырысшысы және әзірлеушісі) мамандары ресейдің Нижневартовск қаласына барып Комсомольский көлінің тазарту технологиясымен танысты.
Қалалық табиғи су айдыны Нижневартовск қаласының саябағы аймағында орналасқан, акватории алаңы 30 га ағынсыз көл. Көлдің толығуы атмосфералық жауын-шашын және іргелес аумақатрдың өзге де ағынды сулары арқылы толығады. Су айдынын осындай толтыру жағдайлары судың тартылуына әкеп соқты. Бұдан басқа онда су түбіндегі шөгінділер массасы және қоқыс көбейе бастады. Оның нәтижесінде көлдің балдырлануы, ерітілген оттек құрамы азаюы, судың мөлдірлігінің төмендеуі, жаман иіс пайда болып, экожүйесі кедейленуі байқалатын болды.
Көлдің және іргелес аумақтарының экологиялық жағдайын жақсарту үшін оны тазарту және геотекстильді Geotube контейнерлерде кептіру әдісімен түбін тереңдету (TenCate Geosynthetics жасалған) шешілді. Алынып Geotube контейнерлерінде кептіруге жататын түбінің шөгінділерінің жалпы көлемі шамамен 350 мың текше метр құрайды. Тұнбаларды алу көлдің орташа тереңдігін 1,5 метрден 2 метрге дейін тереңдетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта түбінің шөгінділерінің гидромеханикаландырылған әзірлеуі жер снаряды арқылы және Geotube контейнерлеріне суды тартып құю жұмыстары жүргізілуде.
Осы қазіргі заманғы және тиімді технологияны Қазақстан астнасындағы «Талдыкөл» су жинағышын тазарту үшін қодану шешілді.