Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2011 жылдың 20-29 шілдесінде Астрия және Германияда халықаралық семинар өтті

2011-08-05
2011 жылдың 20-29 шілдесінде Астрия және Германияда халықаралық семинар өтті

Құрылыс саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 2011 жылдың 20-нан 29-шы шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің, «Мемсараптама» РМК-ның,ҚазСҚҒЗИ өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. «Мемсараптама» РМК атынан семинарға сметалық сектордың жетекшісі Л. Клевчик қатысты. Халықаралық семинар жұмысына қазақстандықтардан да басқа шетелдік кәсіпорындар, ұйымдар мен Автрия және Германияның жобалау мекемелері: «Contors AG» ЖШС, «IPRO Drezden», «E+P» Шемниц/Дрезден/Франкфурт/Берлин, Сауда-өнеркәсіптік палатасы, OMV – Еуропа Бизнесінің Шығыс-Орталық қауымдастығы, Үлкен әуежжай «ВВ» ЖШС-і қатысты.
Халықаралық семинар барысында өзге де елдердің құрылыс құқығын Қазақстанды қоса алғанда ЕС стандарттарына сәйкестендіру, жобалау және құрылыс саласының, рұқсат ету кезеңдерінен өту, құрылыс сапасына ведомстволық бақылау енгізу, салынған объектіні пайдалануға қабылдау және енгізу, кепілдіктерін назарда ұстау, сондай-ақ Австрия мен Германиядағы үрдіспен баға белгілеу мәселелері қозғалды. Халықаралық семинарға қатысушылар 2011 жылдың 27 шілдесінде Берлинде салынып жатқан жаңа әуежайда болып, ондағы жұмыс барысын қадағалау мен бақылаудың қалай жүзеге асырылатынын бақылады.