Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған республикалық фестиваль

2011-09-29
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған республикалық фестиваль

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған республикалық фестиваль
2011 жылы 22 қыркүйекте «Мемсараптама» РМК-да Қазақстан халқының тілдері күніне арналған фестиваль өткізілді..

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында өткен Фестивальға «Мемсараптама» РМК-ның барлық аумақтық бөлімшелерінен өкілдер қатысты. Қазақстан жерінде тұратын халықтардың рөлдері «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелеріне бөліп берілді.

Әзірбайжанның салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын «Шығысмемсараптама» ЕМК-ның ұжымы көрсетті (Өскемен мен Семей қалалары);

Арменияның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын «Көкшетаумемсараптама» ЕМК ( Көкшетау қаласы);

Беларуссияның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын «Атыраумемсараптама» ( Атырау қаласы);

Грузияның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын -«Қарағандымемсараптама» ( Қарағанды және Жезқазған қалалары);

Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Солтүстікмемсараптама» Петропавл қаласы);

Қырғыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Қостанаймемсараптама» ЕМК (Қостанай қаласы);

Латвияның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Жамбылмемсараптама» ЕМК ( Тараз қаласы);

Литваның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Оңтүстікмемсараптама» ЕМК ( Шымкент қаласы);

Молдовияның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Маңғыстаумемсараптама» ЕМК ( Ақтау қаласы);

Ресейдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Қызылордамемсараптама» ЕМК (Қызылорда қаласы);

Тәжікстанның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Павлодармемсараптама» ( Павлодар қаласы);

Түркіменстанның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Батысмемсараптама» ЕМК (Орал қаласы);

Өзбекстанның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Ақтөбемемсараптама» ЕМК ( Ақтөбе қаласы);

Украинаның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Мемсараптама» РМК-ның бас кәсіпорыны ( Астана қаласы);

Эстониянының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын - «Мемсараптама» РМК-ның Оңтүстік филиалы ( Алматы қаласы).

Кореяның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК ( Талдықорған қаласы).

Ал «Мемсараптама» РМК-ның астаналық филиалы ( Астана қаласы)

Қазіргі қазақ отбасының өмірінен шағын спектакль көрсетті, онда күйеу жігітке қалыңдық болуды қалайтын әртүрлі ұлттың тілінде сөйлейтін түрлі ұлттың қыздары қазақ тілінде де сөйлеп, қазақтың ұлттық тағамын дайындай алатындарын көрсетті.
Фестиваль негізінен 3 турдан тұрды

  • ∙ 1-турда концерттік нөмірді нақышына келтіріп орындауға сайыс, сонымен бірге қатысушылар әр ұлттың ұлттық киімін киіп биін билеп әнін орындап, тақпақ оқып, қазір Қазақстанда тұрып жатқан бұрынғы әр ұлттың салт-дәстүрін, ұлттық тағамын слайдта көрсетті.
  • ∙ 2-ші турда құрылыс терминдерін қазақ тілінде қаншалықты игергендігі мен білетіндігіне сайыс өтті.
  • ∙ 3-ші тур қазақтың мақал-мәтелдеріне, атақты қазақтың ақын-жазушыларының даналық сөздерін түсіндіру болды.
  • Әділқазылар алқасында:

    • ∙ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің жауапты хатшысы Дембай Салауат Маханбетұлы; ;
    • ∙ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің бас сарапшысы Төреханова Елерке Әдепханқызы;;
    • ∙ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің Мемлекеттік тілді дамыту және кадр жұмысы басқармасының бастығы Биғалиева Қамар Оспанқызы;;
    • ∙ «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Ережепов Бірлік Бекмырзаұлы;;
    • ∙ «Мемсараптама» РМК жалпы бөлімінің бастығы Сексенбиева Бахыт Батырханқызы..

    ∙ Фестиваль жоғары деңгейде өтті барлық қатысушылар тыңғылықты дайындалған. Барлық белсенді қатысқандарға «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Ережепов Бірлік Бекмырзаұлының атынан алғыс хатпен мараптталды.

    Әділқазылар алқасы 1-орынға Мемсараптаманың Алматы қаласындағы Оңтүстік филиалына, 2-ші орынға Мемсараптаманың бас кәсіпорыны, ал 3-орынға «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК лайық деп шешті.
    Әділқазылар Гран-приге Өскемен мен Семей қалаларынан келген «Шығысмемсараптама» ЕМК-ның ұжымы лайық деп ұйғарды.

    2-ші және 3-ші тур қорытындысы бойынша «Тіл білгірі» номинациясын «Шығысмемсараптама» ЕМК-ы, «Сөз зергері» номинациясы бойынша- «Қызылордамемсараптама» ЕМК, ал «Көрермен көзайымы» номинациясын- «Жамбылмемсараптама» ЕМК иеленді, барлық қатысушыларға естелік дипломдары мен сыйлықтар тапсырылды.

    2012 жылы өтетін фестиваль жеңімпаз атанған «Шығысмемсараптама» ЕМК Өскемен қаласында өткізетін болды