Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Gate City қанаттас қаласын сумен жабдықтау және су тарту туралы

2011-10-03
Gate City қанаттас қаласын сумен жабдықтау және су тарту туралы

2007 жылы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінде өткен жиналыстың хаттамасына сәйкес келешекте G4 City тұжырымдамалық жобасын әзірлеу және оны іске асыру туралы шешім қабылданды, онда Алматы-Қапшағай автожолының бойынан оңтүстік астанадан қанаттас төрт қала жобалануы және салынуы тиіс.
G4 City жобасы Алматы облысы мен Алматы қаласының жер, еңбек, өндірістік және өзге де ресурстарын жүйелі әрі тиімді пайдалануға бағытталған. Gate City алғашқы қаласын салу G4 City жобасын іске асырудың бастапқы кезеңі болып табылады. 2011 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде Алматы облысының Gate City қанаттас қаласын «сумен жабдықтау және су тарту». (Түзету) ТЭН-нің тұсаукесері өтті.
Жобаның тапсырысшысы: «Алматы облысының Іле ауданының Құрылыс бөлімі».
Бас жобалаушы: «G4 City» ЖШС, Алматы қаласы.
ТЭН-нің құрамына екі жұмыс жобасы кіреді:
1. «Магистарльды су құбырының 1-кезегі». Жобаның мақсаты:
• халық пен өндірістік саланың су тұтынуын «Ауыз су» МЕМСТ сапасына сай келетіндей етіп толық қанағаттандыру, оның ішінде ішкі және сыртқы өрт сөндіруді қамтамасыз ету;
• су жинау құрылыстарын, су тазарту және шаруашылық-өртке қарсы және техникалық су құбыры магистральды айналма желілерін салу арқылы кәсіпорындарды жылу энергетикасы-техникалық сумен жабдықтау;
2. «Кәріз және КСС-ның магистральды желілері 1-ші кезек» жұмыс жобасы бойынша. Су тарту жүйесін салу құрамында: магистральды кәріздік желілер, кәріздік сорғы стансасы бар, ал КТС толық биологиялық тазартуға:
• шаруашылық-тұрмыстық және құрамы бойынша оған жақын өндірістік сарқынды суларды толық биологиялық тазартуға орталықтан шығару;
• қала халқын санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жасау;
• тазартылған сарқынды суды жол жабындарын жууға және өзге де техникалық мұқтаждықтарға пайдалану.