Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2011 жылғы 01 шілдеде Тараз қаласында «Жамбылмемсараптама» ЕМК-ның әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы болды.

2011-07-03
2011 жылғы 01 шілдеде Тараз қаласында «Жамбылмемсараптама» ЕМК-ның әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы болды.

Жаңа кеңсе «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау жүйесінің қызметін жетілдірудің үшжылдық бағдарламасы шеңберінде салынды. Құрылыстың жалпы алаңы 1 067,7 шаршы метр.
«Мемсараптама» РМК өз аумақтық бөлімшелерінің жеке материалдық-техникалық базасын жоспарлы дамытуды жалғастырады. «Мемсараптама» РМК материалдық-техникалық базасы мен өндірістік- шаруашылық инфрақұрылымын дамытудың алғашқы қадамын жеке әкімшілік ғимарат салудан бастап, ол 2008 жылдың тамызында пайдалануға берілді, онда Бас кәсіпорын мен «Мемсараптама» РМК-ның Астана филиалы орналасқан. 2010 жылының желтоқсан айының басында Атырау қаласында «Атыраумемсараптама» ЕМК-ның кеңсесі қатарға енгізілді, ал 2010 жылдың соңына дейін Алматы қаласында «Мемсараптама» РМК-ның Оңтүстік филиалы да жаңа қоныс тойын тойлады.
Жаңа ғимаратқа көшу Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудың 20 жылдығымен сәйкес келді, Қазақ СРО Министрлер кеңесінің қаулысын орындау үшін Қазақстанда Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасын 1988 жылы тамызда құрды.
2011 жылдың соңына дейін Шымкент қаласындағы «Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-ның, Өскемен қаласындағы «Шығысмемсараптама» ЕМК-ның, Талдықорған қаласындағы «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК-ның Ақтөбе қаласындағы «Актюбмемсараптама» ЕМК-ның Қарағанды қаласындағы «Қарағандымемсараптама» ЕМК-ның әкімшілік- өндірістік ғимараттары пайдалануға берілмек.
Оны жобалауға және салуға бюджеттен қаржы немесе өзге де инвестиция тартылған жоқ. Мемсараптама жүйесінің жеке материалдық-техникалық базасы мен өндірістік- шаруашылық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған барлық іс-шаралар «Мемсараптама» РМК мен оның бөлімшелерінің заңмен белгіленген қаржылық жинағы есебінен іске асырылуда.
Жаңа әкімшілік ғимараттарда тек «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық еншілес кәсіпорындары ғана орналасып қоймайды, сонымен қатар Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің аумақтық өкілдіктері де орналастырылатын болады.