Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Батыс Еуропа елдерінің кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту спецификасы мәселелері бойынша Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары туралы

2011-07-21
Батыс Еуропа  елдерінің кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту спецификасы мәселелері бойынша Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары туралы

«КОВИ Консалтинг» ЖШҚ-ның шақыруы бойынша 2011 жылдың 19-нан 24 маусымы аралығында «Мемсараптама» РМК және оның еншілес кәсіпорындарының мамандары Бельгия Корольдігіне сапар барысында Бельгия компаниясының «Aquafin» және «Aquaplus» жұмыстарымен танысты. Қазақстандықтар оңтүстік Антверпен және Дорн қаласының кәріздік тазарту кешендерін, сондай-ақ Шальруа қаласының жер асты кәріздік құрылыстарын көріп қайтты. Бұдан басқа, біздің мамандарымыз электрэнергия өндірімін және ілеспе биогаз алып қатты-тұрмыстық қалдықтарды компостілеу және көму бойынша полигонның жайғастырылу технологиясымен, сондай-ақ биореакторы бар азық-түлік қалдықтарын қайта өңдеу зауытының, биогаз және электрэнергия өңдірімін алу технологиясымен танысты.