Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Балқаш қаласынан тазарту құрылыстарын салу туралы

2011-09-16
Балқаш қаласынан тазарту құрылыстарын салу туралы

2011 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Балқаш қаласынан тазарту құрылыстарын салу» ТЭН-н түзету бойынша материалдар қаралды.
ТЭН-і «Қарағандымемсараптама» ЕМК-да қаралып жатыр.
ТЭН-н түзету қажеттілігі мындай себептерге байланысты болды:
1) 2009 жылы есептік мерзімі 2018 жылға дейін Балқаш қаласын дамыту бас жоспары бекітілді, келешекте дамуы ескеріліп халқының саны 80 мың тұрғынға жетеді деп көрсетілген. Сонымен бірге сарқынды судың шығынын тәулігіне 48,0 мың текше метрге дейін ұлғайту, бұрын тәулігіне 40,0 мың текше метр деп бекітілген.
2) ағынды тазартудың жаңа технологияларын пайдалану қажеттілігі;
3) кәріз тазарту құрылыстарының орналасу алаңын өзгерту қажеттілігі;
4) Балқаш қаласының кәріз жүйесін, оның ішінде арынды кәріз тазартуды қайта жаңарту, №6 КСС-н қайта жаңарту және Балқаш көлінің қорғау аймағынан № 3 КСС-н шығару мәселелерін кешенді шешу қажеттілігі;
5) Тазартылған кәріз суын екінші рет пайдалану мәселелерін шешу.
Жобаның әлеуметтік мәні қазіргі кезде Балқаш қаласында жоқ сарқынды суды тазарту мәселелерінің өзектілігімен анықталады. Жобаны іске асыру кезінде қалада экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарады деп күтілуде. Жобаны іске асыру қосымша еңбек ресурстарын қажет етеді және Балқаш қаласының халқын жұмыспен қамтуға оң әсер етеді.