Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Көксарай контрреттегішін салу туралы

2011-09-16
Көксарай контрреттегішін салу туралы

2011 жылдың 12-13 қыркүйегінде Көксарай контрреттегішін салу мәселелері бойынша тапсырысшы Қазақстан Республикасы ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің, Алматы қаласындағы бас жобалаушы «Қазгипросушар» институты» ЖК, «Мемсараптама» РМК-ның қатысуымен көшпелі отырыс өтті, онда объекті құрылысын аяқтау мәселелері талқыланды. Көксарай контрреттегіші Оңтүстік Қазақстан облысының Көксарай кентінің оңтүстігіне қарай Шардара су қоймасынан төменірек 160 шақырымда орналасқан.
Контрреттегіштің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
• елді мекендерді су басу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• Шардара су қоймасынан апатсыз су жіберуді қамтамасыз ету;
• Сырдария өзенінің қысқы ағынын аккумуляциялау;
• Арнасай ойпатындағы қашыртқының су ресурстарын жоғалтуын қысқарту;
• контрреттегіште жиналған су есебінен табиғи жағдайға жақын қолайлы кезеңде Сырдария өзенінің алқабы мен атырабында экологиялық жағдайды жақсарту. Көксарай контрреттегші су қоймасының сыйымдылығы 3,0 шақырым текше метр, ол жоғары тасқынды қабылдауды және апатсыз су құйылуын қамтамасыз етеді.
Көксарай контрреттегішіндегі қысқы ағынды аккумуляциялау жыл бойы Сырдария өзенінің төменін сумен қамтамасыз етуге кепілдік береді және алқап пен Арал теңізіне су құйылуын жақсартады, Арал теңізінің Солтүстік бөлігіндегі су деңгейінің ауытқуын азайтады.
Көксарай контрреттегіші су ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылатады және көлдетіп суаруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде контрреттегіштің негізгі құрылыстары бойынша жұмыстар толығымен орындалды және жобалау көлеменде су қабылдауға дайын.
Тапсырысшының, бас мердігердің, бас жобалаушының қатысуымен объектінің салу барысын тексеру нәтижесі бойынша «Мемсараптама» РМК жобалау ұйымына жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиясы жұмысты бастағанға дейін объектіде құрылысты тексеру, жабдықтардың жұмыс істеуін тексеру, электрмен жабдықтау жүйелерін, автоматиканы түзету қажеттігіне ескертпе берді.