Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Отандық өнім өндірушілердің құрылыс материалдарын, конструкцияларын, бұйымдарын, қондырғыларын, технологиялық және инженерлік жабдықтарын қолдау бойынша шаралар туралы

2011-08-17
Отандық өнім өндірушілердің құрылыс материалдарын, конструкцияларын, бұйымдарын, қондырғыларын, технологиялық және инженерлік жабдықтарын қолдау бойынша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің хаттамалық шешімін орындау үшін «Мемсараптама» РМК сараптамаға келіп түскен құрылыс жобалары бойынша қазақстандық қамту үлесіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.
2011 жылдың 6 айында «Мемсараптама» РМК-да 4 мың 718 дана жобалау құжаттамасы қаралды.
Мемсараптамада қаралған құрылыс жобаларындағы қазақстандық қамту үлесіне жүргізілген талдау көрсеткендей, отандық құрылыс индукстриясы өнімінің үлесі осы жылдың бірінші жарты жылдығында құрылыстың сметалық құнының орташа 59 пайызын құрады. Оның ішінде:
- тұрғын үй –азаматтық құрылыс объектілері бойынша көрсеткіш 73%;
- инженерлік және коммуналдық инфрақұрылым объектілері бойынша - 66%;
- темір жол және автожол құрылысы объектілері бойынша - 63%;
- магистральды инженерлік желілер объектілері бойынша - 35%;
- мұнай газ секторы объектілері бойынша - 25%;
- өнеркәсіп объектілері бойынша - 56%.
Бар объектілерді күрделі жөндеу және қайта жаңарту кезінде қазақстандық қамту үлесі 69% құрады.
Барлық жобаларда Қазақстанда шығарылатын құрылыс материалдары мен бұйымдарынан отандық жылуизоляция мен шатыр материалдары, санитарлық-техникалық бұйымдар (болат ванналар, жылу радиаторлары), сондай-ақ қазақстандық тауарөндірушілердің әрлеу материалдары (құрғақ құрылыс қоспалары, гипсокартон беттері, суэмульсия сырлары менөзгелері) қолданылған.
Алайда құрылыс жобаларындағы қазақстандық қамту үлесіне тұрақты жүргізілген талдау көрсеткендей, өнімді тұтынудың елеулі үлесі (40% аса) импорт есебінен қамтамасыз етіледі.
Осы кезге дейін Қазақстан Республикасында мынадай өндірісті дамыту қолға алынбаған:
- инженерлік жүйелерінің тұрба құбырларының ішкі тармақталуына арналған металдан жасалған шағын тұрбалар шығару;
- тиімді шатыр материалдарын, құрылыс әйнектерін (қымбат емес энергия үнемдейтін әйнектер), зертасты керамикалық плиталар, кермикадан жасалған санитарлық-техникалық бұйымдар, еден жабындары мен осыған ұқсастар шығару;
- тектеп, аурухана және өзге де денсаулық сақтау объектілеріне арналған технологиялық жабдықтар мен құрал-жабдықтар шығару, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы тұрғын үй объектілерін салу үшін инженерлік жүйелер мен лифт шаруашылығы жабдықтарын шығару;
- магистарлды су құбырлары мен жылумен қамту желілеріне, жоғары өнімді сорғы, электр техникаларының жабдықтарын, бұйымдары мен жабдықтары, жоғары вольтті желілер мен қосалқы электр стансаларын салуға қажетті үлкен диаметрлі болат және пластикалық тұрбалар шығару;
- мұнай газ өнеркәсібі мен өзгеде объектілерге арналған технологиялық жабдықтар мен энергетикалық сала жабдықтары.
Келтрілген тізбе индустриалды –инновациялы стратегияны іске асыру кезінде бағдар беруге негіз болады.