Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«МЕМСАРАПТАМА» РМК САРАПТАМА ЖҰМЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ БІРТҰТАС ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗДІ

2011-06-25
«МЕМСАРАПТАМА» РМК САРАПТАМА ЖҰМЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ БІРТҰТАС ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗДІ

«Мемсараптама» РМК «электронды үкімет» жобасы шеңберінде сараптама жұмысының барысы туралы электронды ақпараттандыру жүйесін енгізді. 2011 жылдың 21 маусымында «Мемсараптама» РМК-да сараптама жұмысының барысы туралы электронды ақпараттандыру жүйесінің тұсаукесері өтті, оған ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутттары қатысты. Сараптама жұмысының барысы туралы электронды ақпараттандыру жүйесін енгізу мемлекеттік сараптама жүргізуді ашықтық пен айқындылыққа, мемлекеттік сараптама қызметкерлері мен бас жобалаушылардың сараптама жүргізу сапасы мен мерзіміне жауапкершілігін арттыруға қол жеткізеді. Әрбір мүдделі тұлға онлайн-режимінде өзін қызықтырған жоба бойынша сараптау жұмысының барысын бақылауына, сараптау тобының құрамымен, сондай-ақ жобалау құжаттамасы бойынша мемлекеттік сараптаманың ескертпелерімен танысуына, жобалаушылардың ескертпелерді түзеткен күнін қарауына және басқа да ақпараттарды алуына мүмкіншілігі зор. Осы жүйені іске қосу сараптама жүргізу мерзіміне қатаң бақылауды белгілейді. Жүйеде сарапшы ескертпені жариялайды, ал оны жобалаушының қай мерзімде түзеткені көрініп тұрады. Сонымен қатар, веб-сайтта мемлекеттік сараптаманың қорытындысы берілген жобалар бойынша да ақпараттар орналастырылады. Тұсаукесер аясында сараптама жұмысының барысы туралы электронды ақпараттандыру жүйесіне шақырылған қатысушылардың пікірлері тыңдалды. Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Қ. Омаров өз сөзінде әр жылдары мемлекеттік сараптаманы жауып оны жеке секторға беру туралы әрекет жасалған еске салды. Тәжірибе сараптаманың жобалау-сметалық құжаттамасының қазіргі моделі өзекті екенін көрсетті. Ол Қазақстанда ешқандай нақты ескертпесіз жұмыс істейтін 10 шақты жобалау ұйымы барына тоқталып өтті. Қ. Омаров мемлекеттік сараптаманың жұмысы мердігерлер мен өзге де мүдделі тұлғаларға қолжетімді болғанына көңілі толатынын жеткізді. Ал Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты С.Есілов электронды жүйенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталғанын атап өтті.
Бүгінгі күннің ең басты міндеті ЖСҚ-н қымбаттатпау. Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жобалау жұмысының сапасын көтеру, жобалау ұйымының лицензиясының кезеңділігін енгізу, жобалау компанияларына талапты күшейту жөнінде шаралар қабылдауда. «Мемсараптама» РМК-да сараптама жұмысының барысы туралы электронды ақпараттандыру жүйесін енгізу осы жолдағы тағы бір салмақты қадам» деп атап көрсетті Агенттік төрағасының орынбасары Ж.Әкімжанов.
Жүйе тек бас кәсіпорын жұмысындағы ғана емес, сондай-ақ барлық облыс аумақтарындағы бөлімшелерді біртұтас жүйеге біріктіреді.
Мемлекеттік сараптамаға келіп түскен жоба туралы ақпарат, берілген құпия бөлімдерінен басқасы, жедел түрде «Мемсараптама» РМК-ның www.gosexpertiza.kz ресми сайтына орналастырылады және ол жұма сайын жаңартылып отырады, деп «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Бірлік Ережепов қатысушыларға баяндады.