Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның тіл саясаты

2011-06-30
«Мемсараптама» РМК-ның тіл саясаты

1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңын іске асыру мақсатында «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК-ның жалпы бөлімінен құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту секторы құрылды.
«Мемсараптама» РМК мен оның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыс жүргізілуде. Барлық аумақтық бөлімшелер қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Бас кәсіпорынның маман-аудармашыларының біліктілігін көтеру мақсатында «Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКК семинарына қатысып, сертификаттар алды. Бүгінгі күні «Мемсараптама» РМК жүйесінде мемлекеттік тілді дамытумен айналысатын 14 маман бар.
«Мемсараптама» РМК бас директорының 2010 жылғы 22 сәуіріндегі №42 бұйрығымен бекітілген «2010-2011 жылдарға арналған мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшу іс-шаралары» жоспарына сәйкес қазіргі кезде «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелерінде іс-қағаздары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қызметтік корреспонденцияларды Біртұтас электронды құжат айналымы жүйесінде тіркеу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Тоқсан сайын мемлекеттік тілдегі кіріс және шығыс құжаттарына мониторинг өткізіліп тұрады.
Бас кәсіпорында сөздіктермен, көрнекі құралдармен, әдістемелік материалдармен және өзге де әдебиеттермен жасақталған қазақ тілі кабинеті бар.
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі кәсіпорын қызметкерлерін мемлекеттік тілде оқыту үшін жағдай жасау болса, осыған сай барлық бөлімшелерде мемлекеттік тілді еркін оқып үйренуге жағдай жасалған. Бас кәсіпорында осы жылдың III-ші тоқсанында білікті мұғалімдерді шақырып қазақ тілін оқыту курсы ұйымдастырылатын болады.
Бас кәсіпорында жылсайын күн мен түн теңесіп, жер дүние жаңарған кезде келетін ұлттық мереке Наурыз мейрамы тойланады. Онда ұлттық костюмге, ұлттық тағамға, ТМД халықтарының әндері мен билерін орындауға әртүрлі конкурстар ұйымдастырылады, кәсіпорынның секторлары мен бөлімдері арасында әртүрлі ұлттық ойындарына жарыстар өткізіледі, сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлері (сырға салу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу) көрсетіледі. Осы жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кең көлемде іс-шаралар (әртүрлі конкурстар) өткізу көзделуде.
Кәсіпорынның Веб-сайтындағы мемлекеттік тілдегі ақпарат жаңартылып отырады.
Кәсіпорынның басшылық жағынан «Мемсараптама» РМК-дағы тіл туралы заңнаманың орындалу барысы ұдайы бақыланып отырады.

«Мемсараптама» РМК-ның жалпы бөлімі