Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

КОМПЬЮТЕР ЖӘНЕ ОРГТЕХНИКАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕ КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2011-04-07

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны («Мемсараптама» РМК) Астанадағы филиалы, Астана қаласы, Күлтөбе қысқа көшесі, 7-үй, электрондық мекен-жайы: www.gosexpertiza.kz, компьютерлік және ұйымдастыру техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізуді жариялайды.
Тауарлар мына мекен-жайға жеткізілуі тиіс: Астана қаласы, Күлтөбе қысқа көшесі, 7-үй, 608-бөлме.
Сатып алынатын тауарлардың толық тізімі, олардың саны мен егжей-тегжейлі сипаттамасы конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Тауарларды жеткізуге талап етілетін мерзім: конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 1-бабы, 8-тармағында көрсетілген дәрежелеу талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті жеткізушілер қатысуға рұқсат етіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің пакетін 2011 жылғы 11 мамыр сағат 11.00 дейін мына мекен-жайдан алуға болады: Астана қаласы, Күлтөбе қысқа көшесі, 7-үй, 608-бөлме сағат 9.00-ден 18.00 дейін және/немесе электрондық поштаның мекен-жайы: info@astanagrad.kz.
Әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға конкурстық өтініштерді хатқалталарда мөрлеп, Астана қаласы, Күлтөбе қысқа көшесі, 7-үй, 608-бөлме мекен-жайындағы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны («Мемсараптама» РМК) Астанадағы филиалына ұсынады (жібереді).
Конкурсқа қатысуға өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі 2011 жылғы 12 мамыр сағат 10.00 дейін.
Конкурсқа қатысу өтініштері бар хатқалталар 2011 жылғы 12 мамыр
сағат 11.00-де мына мекен-жайда ашылады: Астана қаласы, Күлтөбе қысқа көшесі, 7-үй, 602-бөлме.
Қосымша ақпараттар мен мәліметтерді мына телефон бойынша алуға болады: +7(7172) 52-15-06.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының өкілі – бас маман Андержанова Д. Қ., тел.: +7(7172) 52-15-06.

AttachmentКөлем
kd_na_kompy.doc305 Кб