Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астана қаласындағы «Қазақ елі» монументінің құрылысы жобасына мемлекеттік сараптама жүргізілді

2008-03-29

        ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ескерткіші сияқты Монументтің көлемдік-жоспарлау шешімі монументтің идеялық-көркемдік мақсатын ашу үшін қабылданған.

        Жалпы Монументтің идеялық-көркемдік және сәулет-декоративтік композициясы мүсіндік композициялармен: мемлекеттіліктің негізін қалаушылар, салт аттылар тобы және мемлекет символдарының декоративті элементтері – Конституция және Қазақстан әнұранынан үзінділерімен толықтырылған.

        Осы идеяны күшейту үшін Монументте тік  келген дөңгелек бағана  орнатылған, сонымен қатар жалпы бағананың биіктігі 91 метр, ол ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – 1991 жылы қабылданғанын білдіреді.

        Монумент негізгі үш элементтен тұрады:

        - төменгі элемент – сатылы екі деңгейлі гранитті тұғырнама;

        - көлбеу  элемент – негізде тұрған бағана бар, ол өрнектелген символикамен белбеуленген және оның биік басындағы шарда «Самұрық-Құс» (құс) мүсіні орналасқан

        - доға тәрізді колоннада мен колонналар арасында саңылаулар бар.

        Іргелес аумақтарда Монументтің жалпы сәулет-көркемдік шешімін толықтыратын дөңгелек және каскадты су бұрқақтар мен 8 демалыс орындары орналасқан.