Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ашық конкурс тәсілімен кеңселік жайды жалға беруді ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізу

2008-03-25

        Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері  және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің  «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» («Мемсараптама» РМК) шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімі  ашық конкурс тәсілімен кеңселік жайды жалға беруді ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы  хабарлайды.
        Қызметтер Астана қаласында көрсетілуі тиіс.
        Сатып алынатын қызмет тізбесі, оның саны мен толыққанды техникалық сипаты және қызмет көрсетуді ұсыну мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тарамағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық әлеуетті қызмет көрсетушілер жіберіледі.
        Конкурстық құжаттама топтамасын 2008 жылғы 21 сәуірін қоса есептегенде сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 15.00-ге дейінгі мерзімде 9.00-ден 18.30-ға дейін мына мекен-жайдан алуға болады: Астана қаласы, Абай даңғылы, (38) 94 №417 бөлме, немесе осы мәтінді алуға болады.

        Әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерін жапсырылған конверттерге салып  Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» («Мемсараптама» РМК) шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөліміне мына мекен-жайға тапсырады:  Астана қаласы, Абай даңғылы, 38 (94) №417 бөлме.
        Конкурстық өтінімдер тапсырудың соңғы күні 2008 жылғы 22 сәуір  13.00-ге дейін.
        Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2008 жылдың 22 сәуірінде 13.00-де мына мекен-жайда ашылады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 38 (94) №402 бөлме.
        Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: (7172) 216168, 211157.
        Тауарлар, жұмыстар, қызметтерге  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын уәкілетті өкіл - Бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің бастығы – Б. Бишенова.  тел.: 8 (7172) 21 61 50.