Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелерінің жетекшілерімен өткен республикалық кеңестің ПРЕСС-РЕЛИЗІ

2008-03-19

        2008 жылдың 17-18 наурызында Астана қаласында 2007 жылғы «Мемсараптама» РМК-ны мен оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыс қорытындысы бойынша республикалық кеңес өтті.
        Осы кеңеске Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, «Мемсараптама» РМК-ның басшылығы, еншілес кәсіпорындар мен филиалдардың директорлары мен бас бухгалтерлері, Бас кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің  басшылары қатысты.
        Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы  Қ.Омаров кеңеске қатысушаларға жалынды сөз арнады және өз сөзінде Қазақстан экономикасын дамытуда маңызды мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруда жобалардың мемлекеттік сараптамасы ең жауапты роль атқаратындығын атап көрсетті, кәсіпорынның алдында тұрған өзекті және тиімді мәселелерге баса назар  аударды.
        «Мемсараптама» РМК 2007 жылғы жұмыстарының қорытындысы және 2008 жылға арналған кәсіпорынның міндеттері туралы» Б.Ережепов баяндама жасады,  ол еліміздегі сараптау жұмысының көлемі ұлғайғанын, жобалардың мемлекеттік сараптамасының  тиімділігін сипаттайтын қол жеткізген жетістіктер мен көрсеткіштер, сондай-ақ кәсіпорынның үш жылға арналған мақсаттары мен міндеттері туралы атап өтті.
        Қаржы-шаруашылық қызметі, кадр саясаты, заңгер жұмысы, сметалық құжаттаманы қарау, сондай-ақ сараптау өнімінің сапасы бойынша Бас кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері басшыларының, «Мемсараптама» РМК-ны аумақтық бөлімшелері жетекшілерінің  баяндамалары тыңдалды .
        2007 жылғы өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы туралы «Мемсараптама» РМК-ның еншілес кәсіпорындарыны жетекшілерінің пікірлері тыңдалды.
        «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық кәсіпорындарының сапа менеджменті жүйесін сертификаттау қорытындысымен «InterCert»  сертификаттау орталығының президенті профессор А.Абдрахманов таныстырды.
        Кеңес қорытындысы бойынша  «Мемсараптама» РМК-ны мен оның аумақтық бөлімшелерінің қаржы қызметінің тиімділігін көтеру, кадр потенциалын арттыру, қазіргі ақпараттық технологияларды енгізу және материалдық-техникалық базаны дамытуға, мемлекеттік сараптама жүргізу тетіктерін келешекте  жетілдіруге бағытталған нақты шаралар қабылданды.