Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары Вена қаласындағы (Австрия) «Жылу жүйелерін монтаждау және пайдалану» семинарына қатысты

2008-02-20

        2008 жылдың ақпанында әлемге әйгілі «ГЕРЦ Арматурен ГмбХ» фирмасының ресми өкілі болып табылатын «ГЕРЦ-Қазақстан» ЖШС-нің шақыруымен «Мемсараптама» РМК-ның екі қызметкері Вена қаласындағы «ГЕРЦ өнімдерін пайдаланып жылу жүйелерін монтаждау және  пайдалану» тақырыбына арналған техникалық семинарға қатысып қайтты.

        Семинар - компанияның мамандандырылған оқу орталығында өтті, онда ГЕРЦ фирмасы осы күні шығарып жүрген жоғары сапалы өнімдерінің барлық түрлері ұсынылды.

        Осы семинарда «ГЕРЦ Арматурен ГмбХ» австриялық фирмасының басшылары мен жетекші мамандары жылу жүйелерімен, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін реттейтін арматураны қолдану туралы сөз сөйледі. Сөз алушылар қатысушыларды жылу жүйелерінің  жылу приборлары мен гидравликалық реттеуін қосу тәсілдерімен таныстырды, сондай-ақ осы жүйені монтаждау кезінде мүмкін болатын қателіктермен де ақпараттандырды.

        Осы семинардың өтуі барысында өндірістің негізгі циклы, яғни айырып-реттегіш арматура зауытына саяхат жасалған.

        яхат барысында мамандардың аса көңіл аударғандары «ГЕРЦ» фирмасының екі автоматтандырылған жылу қондырғыларымен іске асырылатын зауыттың әкімшілік-тұрмыстық, өндірістік және қосалқы жайларындағы орталықтандырылған жылу жүйесі.  Осы қондырғыларда отын ретінде ағаш тек түйіршіктелген түрде пайдаланылады және одан әртүрлі ағаш қалдықтары пайда болады. Отынның осы түрінің негізгі ерекшелігі  - ауаға зиянды қалдықтар аз мөлшерде таралады, ол өзге энергетикалық ресурстармен салыстырғанда экологиялы болып табылады.

        Мемсараптама қызметкерлеріне семинар соңында оқудан өткені туралы сәйкес сертификаттар, сондай-ақ жылу, вентиляция және сумен жабдықтау есебі бойынша методикалық әдебиеттер берілген.