Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемсараптама ағынды суларды тазарту жөніндегі алдыңғы қатарлы технологиялардың халықаралық тәжірибесін игерді

2008-01-31

Қазіргі кезде Мемсараптамаға 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы есебінен жүзеге асырылатын объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалар келіп түсуде, негізгі мәселелердің бірі – құрылыстағы жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу арқылы берілетін судың бір текше метрінің құнын төмендету, сондай-ақ ауыз суды тазарту мен дайындау жүйесін жетілдіру.

Қалдық суды тазарту жөніндегі технологиялардың халықаралық тәжірибесін үйрену мақсатында Мемсараптама қызметкерлері «Мұнай Экология» компаниясы» ЖШС-мен бірге 2007 жылы желтоқсанда Сингапур мемлекетіне барып қалдық суды тазартуға дейінгі технологиялармен танысып қайтты.

Барған кезде өнімділігі тәулігіне 148 мың текше метр қалдық суды тазартқанға дейінгі стансасына экскурсия жасаған. Осы станса 2006 жылы салынған онда қазіргі мембранды технологиялар қолданылған, құрамына келесідей технологиялық процестер кіреді: торлы фильтрлармен өңдеу процесі, микрофильтрациялау, қысым мен ультракүлгін сәуле шығару.

Тазартылғаннан кейін тазарған судың 30 пайызы ауыз су мұқтаждықтары үшін таза суды пайдалануға арналып қосымша тазартудан өтеді, сондай-ақ қалғаны өзге де мақсаттарға жұмсалады.