Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ны 2007 жылғы жұмыстарын қорытындылады

2008-01-23

        Аймақтардан түскен ақпараттарға сүйенсек, Мемсараптама жүйесінде 2007 жылы республика бойынша 11220 құрылыс құжаттамасы қаралған, 2006 жылмен салыстыратын болсақ 104 пайызды құрайды, оның ішінде бекітілуге жіберілгені – 10 857. Сонымен қатар жалпы ұсынылған құжаттаманың 83,19 пайызы толық және ішінара мемлекеттік инвестиция есебінен қаржыландырылған құрылыс жобалары.
        Сараптама жүргізу нәтижесінде жобалау құжаттамасының сапасы төмен болуына, көптеген пысықтауларды қажет ететін және нормативтік құжаттар талаптарының сақталмауы салдарынан 2007 жылы 363 құжаттама қабылданбады немесе пысықтауға қайтарылды.

        Осы кезеңдерде кәсіпорын республикалық маңызы бар және мемлекеттік бағдарлама есебінен жүзеге асатын көптеген ірі құрылыс жобаларын қарады, олар: «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының екінші кезегінің құрылысы» ИН-і, «Бұхара табиғи газ қабаты ауданы «Ташкент-Бішкек-Алматы»   магистральды газ құбырын жаңарту» жобасы, «Астана –Петропавловск» автомобиль жолының «Астана-Щучинск» участогы мен өту бөлігін IV санатты 6 жолақты қылып жаңарту» жұмыс жобасы, «Павлодар облысында «ЕРТІС» арнайы экономикалық аймағын құру» ТЭН-і, «Солтүстік Қазақстан –Ақтөбе облысы» электр берудің өңіраралық линиясының құрылысы» жобасы, «Астана қаласындағы 180 көйкелі кардиохирургиялық орталық» жобасы, «Астана қаласындағы Патент Сарайының құрылысы» жобасы және т.б.